АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден Словенияның Любно-об-Савинье қаласында өткен FIS кубогы кезеңінде үздік үштікке енді.
Отандасымыз 250,7 ұпай жинап, қола жүлдеге қол жеткізді.
Жарыстың жеңімпазы – польшалық Адам Нижник (268,3 ұпай). Ал екінші орынға словениялық Эней Фалетич (266,1 ұпай) тұрақтады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы әлем кубогында екінші орын алған болатын.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.