FIDE баспасөз қызметінен хабарлағандай, Шарм эль Шейх қаласында кадеттер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионаты аяқталды.
Алты категория бойынша өткен жарыс 16 қазанда басталып, 26 қазанда мәресіне жетті.
Шараға 66 ұлттық федерация атынан 502 жас ойыншы қатысты.
Әлем чемпионы атану үшін Данис соңғы турда ресейлік Николай Клейменовпен ойнады.
Данис Қуандықұлы қарсыласымен тең ойнап, мақсатына жетті.
10 жасқа дейінгілер арасында екінші орын америкалық Итан Гуоға, қола медаль шотландық жеткіншек Супратит Банержиге бұйырды.
Кішкентай қазақстандықтың жетістігі ерекше назар аударуға лайық.
Данис Қуандықұлы алғаш рет кадеттер арасындағы турнирде Қазақстанға алтын медаль әперіп отыр.
Шахмат әлем чемпионатының тағы бір медалін — қоланы қазақстандық Айару Алтынбек алды.