Бұған дейін ер азамат полицияға жүгініп, аталмыш әйел оны телефон қоңырауларымен, СМС хабарламалармен және электрондық хаттармен мазасын алғаны үшін шағымданған болатын.
Адвокаттарының сөзіне қарағанда, әйел адам зардап шеккен азаматпен жақын қарым-қатынаста болғанын және өзінің шектен шықпағанын алға тартып ақталуда. Алайда 62 жасар азамат онымен қандай да бір байланыста болғанын жоққа шығарып отыр.
Полиция қызметкерлері тінту барысында азаматшаның үйінен ұялы байланыс нөмірі мен бірнеше компьютер тәркілеген.
Хабарланғандай, судья бастапқы сот тыңдауларында әйелді егер ол шағымданған азаматты жайына қалдыратын болса босататынын мәлімдеген болатын. Алайда, ол бостандыққа шығып үлгерместен, бір-екі сағаттан кейін бұрынғы әдетіне басып, шағымданушыға қайта хабарласқан.
Қазір бұзақы әйел қамауға алынып, Гаагада өтетін сотқа келуге міндеттелді. Әзірге сот үрдісін үш судья жүргізетіндігі жөнінде мәселе әлі қарастырылу үстінде. Сот отырысының күні де белгіленіп үлгерген жоқ.