«Петропавл ауыр машина жасау зауытының» ұжымымен кездескен Дания Еспаева жұмысшыларға өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Айта кетейік, өнеркәсіп мұнай-газ, қорғаныс, энергетика салаларына арналған жабдықтарды даярлайды. Бүгінде өнеркәсіпті қайта жаңғыртуға 4,5 млрд теңгеден аса қаржы бөлініп отыр. Жоба 2020 жылға дейін, яғни үш жылға жоспарланған. Қайта жаңғыру процесі өнеркәсіп аумағын ұлғайтып, жаңа өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді.
Зауытта мың шақты адам жұмыс істейді. «Ақ жол» партиясының үміткері еңбек шартымен танысып, өнеркәсіп ұжымына қазақстандық кәсіпорындарды, олардың жұмыскерлерін қолдау туралы ұсыныстарын айтып берді.
Дания Еспаеваның сайлауалды үгіт науқаны жалғасуда.