Дания Еспаева штабы БҚО-да «Әр адамға жеткізу» акциясын ұйымдастырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаеваның Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысындағы аймақтық штабтың ұйымдастыруымен «Әр адамға жеткізу» және «Пошта жәшігі» шаралары өтті. Бұл жөнінде партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Акция ұйымдастырушылары үш күн бойы «Ақ жол» партиясынан үміткерді қолдауға бағытталған үгіт материалдарын таратты. Іс-шаралардың барлығы үміткер Еспаеваның Республикалық штабының іс-шаралар кестесіне сәйкес өтті.

«Ақ жол» белсенділері мен штаб мүшелері Орал қаласындағы «City Center» ОСО, С.Киров атындағы мәдениет және демалыс саябағы, дөңгелек ауыстыру ұйымдары, көпшілік тамақтанатын және жүретін орындарда жүріп қайтты.

Мұндай шаралар Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау, Тасқалы, Жаңақала, Қазталов, Қаратөбе, Сырым, Жәнібек, Ақжайық, Бөкей ордасы, Бөрілі, Бәйтерек аудандарында да өтті.

Үміткер Дания Еспаеваның үгіт науқаны жалғасуда.