Кандидат Талдықорғандағы «Қайнар» аккумулятор зауытының жұмысшыларымен кездесті. Кәсіпорын цехтарының бірінде Дания Еспаева өзінің сайлауалды тұғырнамасындағы негізгі мәселелерді түсіндірді. Атап айтқанда, кәсіпкерлікті қолдап, орта және шағын бизнесті дамытуға көңіл бөлу, сыбайлас жемқорлықпен күресіп, оффшорлық есеп-шоттардағы қаржыны елге қайтару сынды маңызды бағыттарды қолға алатынын жеткізді.
«Қайнар аккумулятор зауыты мемлекеттен 2,5 млрд теңге қолдау алған. Бүгінгі күнге дейін төленген салық 3,5 млрд теңгеден асқан. Ол біріншіден. Екіншіден 800 қосымша жұмыс орны берілген. Менің бағдарламамда осындай зауыт, фабрикаларға, өндірушілерге мемлекеттен тек ақшалай көмек көрсетпей, оған қосымша салықты төмендету жайында жазылған», - деді Дания Еспаева.
Сондай-ақ кандидатты қолдаушы топ қаладағы «Нұр Авиценум» медицина орталығының қызметкерлерімен де жүздесті.
Еске сала кетсек, кеше ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық қоғамдық штабқа келіп, қызметкерлермен кездескен болатын.
Ал, ҚР Президенттігіне кандидат Жамбыл Ахметбеков ресми сайтында сайлауалды тұғырнамасын жариялады.