«РауанНалко» ЖШС - мұнай-газ өндірісіне арналған химиялық реагенттерді өндіруші, әлемнің 160 елін қамтитын халықаралық «Налко Чемпион» (NalcoChampion) компаниясымен бірлескен отандық кәсіпорын.
Кездесуді «Рауан Налко» ЖШС директоры Б.Әжіғалиев ашты. Бұдан кейін облыстық филиал жетекшісі Е. Юсупов партияның бағыт-бағдары мен сайлауалды мақсаттарымен бөлісті.
Кездесуде, сондай-ақ, облыстық филиалдың саяси жетекшісі Ә.Төлеуішов, облыстық саяси кеңестің мүшесі С.Ерубаев сөз сөйлеп, барша жиналғандарды үміткерді қолдауға шақырды. Кәсіпорын жұмысшылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап алды.
Айта кетейік, «Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаеваның үгіт науқаны жалғасуда.