Дания Еспаеваның штабы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаеваның штабы «Алашқа тағзым» акциясын өткізді. Оған партия басшылығы, «Ақ жол» партиясының депутаттары, үміткердің сенімді өкілдері қатысты, деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған акция «АЛЖИР» мемориалды кешені мен аштық құрбандары ескерткішінің алдында өтті.

АЛЖИР лагерінде 18 мыңнан астам әйел болған. Оның көбі лагерьдің ауыр зардабына шыдай алмай, сол жерде көз жұмған.

Кей БАҚ өкілдеріне сенсек, 30 жылдардағы аштық пен оның салдарынан қазақ халқының үштен бірі қаза болған. «Алаш» көшбасшысы Әлихан Бөкейханның дерегінше, аштықтың салдарынан 1924 жылғы 6,47 млн қазақтан 1937 жылы 2,1 млн қазақ қана қалған.

«Ақжолдықтар» мемориал алдына гүл шоғын қойып, елінің азаттығы үшін қаза тапқан бабалардың ауағына құран бағыштады.