Дания Газа секторында халықаралық бақылаушылар корпусын құруды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Данияның Сыртқы Істер министрі Мартин Лидегор Газа секторындағы жағдайды бақылау үшін халықаралық бақылаушылар корпусын құруды ұсынды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Халықаралық бақылаушылар корпусы бітімгершіліктің сақталуын, бұзылған жағдайда кінәлі жақты анықтап, бейбіт келісімге себеп болмақ. «Менің ойымша, атыс-шабысты тоқтату туралы келісім күшіне енбестен, қайта бұзылып жатыр. Сондықтан, тез арада тәуелсіз бқылаушылар корпусын құруды ұсынамын. Сол арқылы бітім уақытын созуға болатынына үміттімін», - деген М.Лидегор.

Дания корпустың құрылуына экономикалық, саяси сонымен бірге, қызметкерлер жағынан да қолдау көрсетуге дайын.