Данияны жаулап алған Германияның әскери репарациясы 1946 жылы 11,6 млрд крон көлемінде болды. Қазіргі кезде 200 млрд. астам крон ($28,6 млрд). Алайда, Германия 70 жылдың ішінде бұл соманың аз ғана бөлігін төлеп, қарыздың үлкен бөлігі Дания үкіметі тарапынан кешірілді.
«Германия Данияға бір тиын да қарыз емес. Бүкіл Еуропа сияқты, Дания да Германияның экономикалық қалпына келуінен пайда алды. Сондықтан, 1953 жылғы қарызды алып тастау әділ болды», - деді Копенгаген бизнес мектебінің профессоры Иоаким Лунд. Германия Данияға соңғы рет қарызын 1983 жылы өтеген.