Оқиға иммигранттар шоғырланған Норребро ауданында болған. Тәртіп сақшылары күдікті пәтерге келіп, иесін күтіп отырған. Полицейлерді көрген ол қаруын алып шығып, оқ жаудыра бастаған.
Сенбі күні Копенгагенде белгісіз біреу дебат өтіп жатқан мәдени орталықта және жергілікті синагогада адамдарға оқ атқан. Салдарынан екі адам қаза тауып, бесеуі жарақаттанды.
Шабуыл жасаған адам ізін суытып үлгерді. Екі жерде де бір адам атыс шығарған болуы мүмкін.