Дания темекі тұқылын тазалауға жылына 5 млн еуро жұмсайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бір ғана Данияның өзі көшелердегі темекі тұқылын тазалауға жылына шамамен 32 миллион дат кронын немесе 5 миллион еуроға жуық қаржы жұмсайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Қаңтардан бастап Еуропалық Одақта бизнеспен айналысатын темекі компаниялары көшелерді темекі тұқылдарынан тазалау, тасымалдау және кәдеге жарату үшін билік органдарына ішінара өтемақы төлеуге міндетті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, темекіден 7 мыңнан астам улы химикат, соның ішінде микропластиктер табылды. Бір ғана темекі тұқылы жүзден мың литрге дейін суды ластауы мүмкін. Экологтардың бағалауы бойынша, өндірілетін барлық темекінің 15% әлемдік мұхитқа түседі.





Фото: ru.euronews.com