Дания үкіметі әлеуметтік желілерге қатысты ережелерді күшейтпек

АСТАНА. KAZINFORM – Дания үкіметі әлеуметтік платформаларға қатысты ережелерді қатайту үшін үкіметтік емес ұйымдармен күш біріктіріп жатыр. Копенгаген медиа алпауыттарының өздері әлеуметтік міндеттемелерін елемейтініне сенімді, деп хабарлайды Еuronews. 

Фото: euronews.com

«Біз балалар алдындағы міндеттерін орындай алмай жүрген өте ірі және қуатты технологиялық алпауыттарға қарсы тұрамыз», - деп мәлімдеді Дания премьер-министрі Метте Фредериксен.

Белсенділерді әсіресе әлеуметтік желілердің мазмұнды жас бойынша сүзуге деген формальды көзқарасы алаңдатып отыр. 

«Нақты жасты тексеру керек. Жасқа сәйкес мазмұн талаптары қажет. Әрқашан үлкендермен байланысу мүмкіндігі болуы тиіс», - деді Save the Children Denmark Бас хатшысы Йоханна Шмидт-Нильсен. 

Комиссияның осыған байланысты міндеті – балалар мен жасөспірімдердің назарын әлеуметтік желілерден толығымен аластатып, олардың телефонға жұмсайтын уақытын азайтуға тырысу.