Осыдан тоғыз жыл бұрын Ардақты елшінің (Алланың сәлемі мен игілігі жаусын) карикатурасын салып, исі мұсылманның наласына қалып, наразылығына ұшыраған Дат елінің астанасы - Копенгаген қаласында алғашқы мешіт бой көтерді. Бұл айтулы оқиға Дат елінің мұсылмандармен ымыраласудың алғашқы қадамы ретінде қарастырылып жатыр. Осы елдегі мұсылмандар құлшылық үйінің құрылысына қатарлықтар 150 млн. крон (27,2 млн доллар) жұмсаған. 6700 шаршы метр аумақты алып жатқан мұсылмандар кешенінде мешітпен қатар мәдени орталық, телестудия және фитнес орталығы бар.
20:16, 21 Маусым 2014
Данияда алғашқы мешіт бой көтерді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Данияда алғашқы мешіт бой көтерді, деп жазады muftyat.kz.