Данияда әскери нысандардың үстінен дрондар байқалды

АСТАНА. KAZINFORM — Данияның әуе кеңістігінде әуежайлардағы рейстерді тоқтатуға мәжбүрлеген оқиғалардан кейін ұшқышсыз ұшақтар елдің әскери нысандарының, соның ішінде ең ірі әскери базаның маңында байқалды. Бұл туралы BCC жазды.

Фото: BCC

Ұшқышсыз ұшақтар Каруп авиабазасының үстінде ұшып жүр. Әуе кеңістігін қысқа уақытқа жабуға тура келді. Сондай-ақ Германия, Норвегия және Литвада ұшқышсыз ұшқыштар көрінгендігі туралы хабарланды.

— Күдік тудырған дрондарды көргеннен соң, елдің әуе шабуылдарының осалдығына қатысты алаңдаушылығы артты. Сондай-ақ бұған Ресейдің қатысы болуы мүмкін деген қорқыныш пайда болды, — делінген ақпаратта.

Алайда билік оларда Мәскеуге қатысты ешқандай дәлел жоқ екенін айтқан.

Дания билігі бұл оқиғаларды «гибридті шабуыл» деп атады. 

Бұған дейін Данияда әуе кеңістігі дрондар салдарынан қайта жабылған болатын