Турнирге қатысатын командалар арасында Азияның маңдайалды ұжымдарының бірі - Қазақстан құрамасы да бар. Бұл - қыздарымыздың 2007, 2009 және 2011 жылдан кейін әлем чемпионатына төртінші рет шығуы.
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы D тобында Норвегия, Испания, Румыния, Ресей және Пуэрто-Рико құрамаларымен плей-офф раундына берілетін жолдамаға таласпақ. Әр топтан келесі кезеңге төрт команда шығады. Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы кездесуін 5 желтоқсан күні Испания құрамасына қарсы өткізеді.
Біздің команданың топтық кезеңдегі барлық кездесуі «Kazsport» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетілу жоспарланған.