Данияда полиция учаскесінің жанында жарылыс болды

Фото: None
КОПЕНГАГЕН. ҚазАқпарат – Бүгін таңертең Дания астанасындағы полицей учаскесінің маңында жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.


Дания полициясының мәліметінше, жарылыс салдарынан Нёрреброауданында зардап шеккен ешкім жоқ. Жарылыс тек полиция учаскесінің ғимаратыназақым келтірген.

Ekstra Bladet газеті полиция жарылыс орнынан қашып баражатқан ер адамға іздеу салғанын мәлім етті.

Deutsche Welle бұл Дания астанасында төрт күннің ішіндеболған екінші жарылыс екенін атап өтті. Алғашқы жарылыс сейсенбі күні ДанияныңЭстербру ауданында орналасқан салықтық басқармасының кіреберісінде болған. Апатсалдарынан бір адам жеңіл жарақат алды.

Полиция екінші оқиға қасақана жасалған шабуыл деп отыр.

Бұл екі жарылыстың бір-біріне қатыстылығы әзіргебелгісіз.


Соңғы жаңалықтар