Бірнеше ай бойы Германия жұртшылығының назарында болған кит наурыз айында Балтық теңізінде байқалған. Осыдан кейін мамандар жануарды құтқаруға және оны Солтүстік теңізге қайтаруға бірнеше рет әрекет жасаған.
Мамыр айында құтқарушылар китті баржамен тасымалдап, ашық теңізге бағыттауға тырысқан. Алайда бұл әрекеттер нәтиже бермеді.
Кейін киттің өлексесі Дания мен Швеция арасындағы Каттегат бұғазындағы Анхольт аралы маңынан табылды. Мамандардың мәліметінше, ол екі аптаға жуық таяз суда болған.
Жарияланған бейнежазбадан жұмысшылардың киттің денесін жағалауға тартып шығарып жатқанын көруге болады. Оқиға орнына көптеген жергілікті тұрғындар, оның ішінде балалар да жиналған.
Дания билігі киттің өлім себебін анықтау үшін оның денесіне зерттеу жүргізілетінін мәлімдеді.
Бұдан бұрын Германияда құтқарылған өркешті кит Тимми жаңа мекенге жол тартқанын жазған едік.