Данияда жаңа жылдық отшашу мен петарданың салдарынан 82 адам жарақаттанды
12:37, 02 Қаңтар 2012
АСТАНА. 02 қаңтар. ҚазАқпарат - Данияда жаңа жылдық отшашу, бенгал оты мен петардалардың жарылысы салдарынан кем дегенде 82 адам жарақаттанды.
Бұл туралы ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлап отыр. Жедел жәрдем көрсету қызметіне кешегі түнде 1322 қоңырау түскен (Копенгагеннен 100).
Сондай-ақ «Фальк» құтқару қызметі 165 өрт оқиғасын тіркеген.