Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, ақтық бәсеке 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша өтті. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Уэльс өкілі 5:0 есебімен алтынды қанжығасына байлады. Ал қазақстандық спортшы күміс жүлдегері атанды.
Айта кетейік, 2 қараша күні Қазақстанның атынан Асылхан Көшербаев 65 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсететін болады.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның 7 боксшысы жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шыққанын жазған едік.