Даниялық 51 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен 15 адам ұсталды

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Нью-Дели орталығында 51 жастағы әйелді бірнеше еркек зорлап әрі тонап кеткен. Бұл қылмысқа күдікті 15 адам ұсталды,

деп хабарлады Ресейдің «Жаңалықтар» ақпарат агенттігі Үндістанның NDTV телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға қала орталығындағы Коннат-плейс ауданында орын алған. Қонақ үйге қайтып келе жатқан әйел адасып кеткен көрінеді. Жолда кездескен еркектен жол сұраған оны адам аяғы сирек таса жерген апарған бірнеше адам зорлап, iPad-ы мен ақшасын тартып алған.

Осы жайттан кейін медициналық тексеруден бас тартқан даниялық бүгін таңертең еліне ұшып кеткен. Дегенмен аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғаған полиция күдікті ретінде 15 адамды тұтқынға алды.

Айта кетерлігі, Үндістандағы әйел қауіпсіздігі 2012 жылдың желтоқсан айынан бері жергілікті және шетелдік БАҚ-тың жіті назарында. Өйткені, сол жылы Делиде бір бойжеткен айуандықпен зорлық-зомбылыққа ұшырап, бұған халық жаппай наразылық танытқан-ды. Ал 2013 жылдың қыркүйегінде аталған іске қатысы бар 4 адам өлім жазасына кесілген болатын.