Актер Рамазанды Түрік елінде қарсы алып, осы елде шығарып салуды жоспарлапты. Бұл елге келіп 30 күн ораза ұстауға ниеттенген Элтон, мұндағы мұсылмандарды және Исламды жақыннан танығысы келетінін жасырмады. Сонымен қатар, Элтон Пәкістандық продюсер әрі режиссер Асыл Иқбал басшылық жасап түсіріліп жатқан Рамазан туралы деректі фильмге қатысады.
Элтон өзінің бір сөзінде былай дейді: «Оразадан көп нәрсе үйрендім. Тамағы жоқ адамдардың халдерін түсіндім. Ислам туралы, мұсылмандар жайлы көп нәрсе білдім. Осы жылы да көптеген жақсы дүниелерді үйренуге тырысамын».