Оденсе қаласының такси жүргізушісі Мартинг Лангстедтің айтуынша, таңертең жас шамасы 30-дағы адам келіп, оған Римға дейін жеткізіп салуды сұраған. Бұған дейін Копенгаген қаласына барған таксист келісімін береді де жолға шығады. Олар Римге дейін Германия, Австрия елдерінің шекараларынан өтіп, үш күн ішінде барлығы 1803 шақырымды жүріп өтеді.
Италия астанасына жеткенде такси есептігішінің көрсеткішінде сапар үшін 29 226 (5250 доллар) крон төлеу керектігі жазылады.
Оның айтуынша, жас адам Рим шіркеулерін көруді арман еткен екен. Осы сапарының дәлелі ретінде ол такси есептегіші шығарған чекті сақтап қойған.