Даниялық даңқты шахматшы Бент Ларсен дүниеден озды

None
АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат - Данияның ең күшті шахматшысы саналатын Бент Ларсен 75 жасында дүниеден озды. Бұл туралы әлемдік спорттық басылымдар хабарлауда.

Данияның Шахмат одағынан хабарлағандай, Ларсен ұзаққа созылған науқастан бейсенбі күні көз жұмған. Шахматшы өмірінің соңғы күндерін Буэнос-Айресте өткізген болатын.

Ларсен - өткен ғасырдың 60-80 жылдарындағы әлемнің ең күшті шахматшыларының бірі. Ол 1965, 1968, 1971 және 1977 жылдардағы әлем чемпионаттарына қатысқан. Оның қарсыластарының қатарында Борис Спасский, Бобби Фишер болған. Спортшы сондай-ақ, 1970 жылы КСРО командасымен болған «Ғасыр кездесуінде» әлем құрамасына жетекшілік еткен болатын, деп хабарлайды «Советский спорт» басылымы.