Данияның Шахмат одағынан хабарлағандай, Ларсен ұзаққа созылған науқастан бейсенбі күні көз жұмған. Шахматшы өмірінің соңғы күндерін Буэнос-Айресте өткізген болатын.
Ларсен - өткен ғасырдың 60-80 жылдарындағы әлемнің ең күшті шахматшыларының бірі. Ол 1965, 1968, 1971 және 1977 жылдардағы әлем чемпионаттарына қатысқан. Оның қарсыластарының қатарында Борис Спасский, Бобби Фишер болған. Спортшы сондай-ақ, 1970 жылы КСРО командасымен болған «Ғасыр кездесуінде» әлем құрамасына жетекшілік еткен болатын, деп хабарлайды «Советский спорт» басылымы.