Данияр Ақышев: Біз инфляция деңгейін баяулата алдық
«Бірінші кезекте, біз, 2016 жылы инфляция деңгейін бәсеңдете алдық», - деді Данияр Ақышев.
Оның айтуынша, 2016 жылдың 11 айында инфляция 7,5 пайызды құрады, жылдық инфляция 8,7 пайызға дейін төмендеген. Инфляцияның максималды деңгейі ағымдағы жылдың шілде айында болды, яғни ол 17,7 пайызды құрады.
«2016 жылы байқалған инфляцияның негізгі себебі ұлттық валюта бағамын былтыр және биылғы жылдың басында ішкі бағада түзеуге (коррекция) байланысты болды. Осыған қарамастан, 2015 жылғы тамыздан басталған ақша айырбастау бойынша 2016 жылғы 6 желтоқсандағы жағдай бойынша (78 пайыз) ішкі бағадағы өзгерістердің төмен екенін байқадық», - деді ҰБ төрағасы.
Оның айтуынша, Ұлттық банк ішкі бағада курсты реттеу үдерісі аяқталды және өндірістер мен халықтың, экономикалық агенттердің бейімделуі жүрді деп есептейді.