Данияр Ақышев ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.