Оның сөзіне қарағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті, автокөлікті және өмірді ерікті сақтандыру жақсы дамып келеді. Соңғы 5 жылда сақтандыру сыйақысы екі еседен астамға артқан.
ҚР Ұлттық банк басшысының айтуынша, Қазақстанның сақтандыру нарығын одан ары жетілдіру мақсатында Ұлттық банк 2017 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңдылық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметтері мәселелері бойынша өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» заңның жобасын жасап, Парламенттің қарауына енгізген.
«Заң жобасында онлайн-сақтандыруды енгізудің құқықтық негіздерін жасау мәселесі қаралған. Ол сақтандыру қызметтерінің құнын азайтып, географиялық қолжетімділігін кеңейтуге жағдай жасайды. Онлайн-сақтандырудың басты тетігі Сақтандыру келісімдері жөніндегі бірыңғай сақтандыру деректер қоры болып табылады», - деді Д. Ақышев «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне берген сұхбатында.
Сонымен қатар бас қаржыгер сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту үшін заң жобасында сақтандыру нарығының инфрақұрылымын дамыту бойынша да бірқатар шаралар кешені қарастырылғанын жеткізді.
Фото: gainerfinancial.com