«Еркін айырбас бағамы жағдайында шетелдік валюталарға шаққанда біздің теңгенің бағамы ішкі және сыртқы факторларға байланысты екені белгілі. Шын мәнінде, соңғы бірнеше күн бұрын орын алған оқиғаларға дейін барлық макроэкономикалық параметрлер тұрақты болды. Бірінші кезекте мұнайға қатысты жоғары баға мен саудадағы серіктес елдердегі тұрақтылықты байқадық. Өкінішке қарай, АҚШ-тың Ресейге қатысты қосымша жаңа санкцияларын енгізуге қатысты оқиға РФ қор нарығында құбылмалыққа алып келді. Кейіннен бұның салдары валюта нарығына ықпал етті. Ресей біздің сауда серіктесіміз. Біз ЕАЭО-ға қатысушы елдер болып саналамыз. Әрине, бұл бағыттағы үрдістер әсер етпей қоймайды», - деді Ақышев Мәжілістің жалпы отрысынан кейін журналистерге.
Оның сөзіне қарағанда, соңғы екі күнде ресейлік рубль АҚШ долларына қарағанда номиналдық мәнде шамамен 10 пайызға, ал теңге бүгінгі таңғы сессияны ескере отырып 3 пайызға әлсіреді.
«Бұл өз кезегінде бағамның өзгеруі тепе-тең болмайтынын аңғартып отыр және ол міндетті емес. Теңге ешқашан рубльге байланбаған. Біз бір-бірімізге ықпал ете аламыз, алайда тікелей байланып тұрған жоқпыз», - деп түсіндір Ұлттық банк басшысы.
«Неліктен Ресейде рубль жылдам өзгереді, ал бізде (теңге бағамы) бұл үрдіс неге бәсеңдеу? Біріншіден, Қазақстан ешбір жақтан санцияларға кіріп отырған жоқ, яғни тікелей әрі жанама түрде бізге қатысы жоқ. Біз әлемнің барлық елдерімен тұрақты қатынастамыз. Сәйкесінше, қазақстандық компанияларға немесе еліміздің өзіне қандай да бір санкциялар қойылмаған», - деді Ақышев.
Сонымен қатар ҰБ басшысы ел экономикасындағы процестерге тоқталды.
«Екіншіден, ресейлік рубльдің маңызы бар, алайда ол жалғыз фактор емес. Осы орайда мұнай нарығында не болып жатқанына қараңыздар. Кешеден бері мұнай бағасы барелліне 70 АҚШ долларынан асып отыр. Шын мәнінде бұл өте жоғары деңгей және ол бізге жақсы төлем балансын иеленуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша жақсы қарқынды қамтамасыз етеді. Яғни, бізде жоғары экономикалық өсім сақталып отыр. Өздеріңіз білесіздер, 2017 жылдың қорытындысы бойынша өсім 4 пайызды құрады. Сонымен қатар, биылға да өте жақсы болжам жасалған. Бұған қоса, бізде жақсы төлем балансы байқалды, оның көрсеткіші 2017 жылдың төртінші тоқсанында елеулі түрде жақсарды. Бұл ретте, валюта бағамына ықпал ететіндей теңгерімсіздік туындамайды. Бізде инфляция төмендеп келеді. Сондықтан да осы жағдайларда теңгеге қатысты рубль тікелей әрі тепе-тең түрде әсерін тигізбейді», - деп түсіндірді Ақышев.