Данияр Әшімбаев: Ұлттық кеңесті құру билік пен қоғамның диалогын дамытады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде халыққа таныс емес адам жоқ. Бұл пікірді қоғам қайраткері, саясаттанушы және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Данияр Әшімбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл кеңеске қосуүшін жүздеген адамның есімі айтылды. Бірақ, олардың бәрін қосса, кеңес жұмысыжүрмей қалар еді. Еліміздің қоғамдық-саяси даму мәселелерін талқылайтын кәсібидиалог алаңына айналған кеңестің шағын құрам нұсқасы анағұрлым тиімді. Әрине,кеңес пен оның құрамын үлкен жұмыс күтіп тұр. Бұл дұрыс та. Қазіргі уақыттамінсіз құрылымды жасау мүмкін емес, бірақ таңдалған тұлғалар алуан түрліпікірді ортаға сала алады. Жарлықта бейтаныс адам жоқ. Билікке берілген адамдарда аз. Пікірталастан ақиқат тумаса да, соның жұрнағы болуы мүмкін. Билікқоғамды тыңдауға дайын және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі саяси реформа жасауға,билік-қоғам диалогын дамытуға және қабылданатын шешім сапасын жақсартуғакөмектеседі», - деді Данияр Әшімбаев.

Айта кетейік,Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралыЖарлыққа қол қойды. Бұл туралы Президент 2019 жылдың 12 маусымында елордадағыұлықтау рәсімінде мәлімдеген болатын.


Ұлттық кеңескетүрлі салада жұмыс істейтін, азаматтық белсенділік танытқан 41 адам мүше атанды.


Соңғы жаңалықтар