Есте болса, ұлттық құраманың үздік боксшы Инчхонда өткен XVII жазғы Азия ойындарында барлық қарсыласынан басым түсіп, құрлықтық байрақты бәсекенің бас жүлдесін иеленген еді. Жалпы, бұл Даниярдың осы атаққа екінші мәрте иелік етуі. Өйткені, өткен жылы да ол Алматыда өткен бокстан Әлем чемпионатында алтын медаль иеленіп, АИБА-ның үздік боксшысы атанған болатын. Д.Елеусіновті ұлықтау рәсімі 24 қарашада Оңтүстік Кореяның Джеджу қаласында өтеді.
Айта кетейік, Д.Елеусінов 1991 жылдың 13 наурызында Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол - Әлем (2013), Азиада (2010, 2014), Азия (2013) чемпионы.