Алты раундқа есептелген жекпе-жектегі оның қарсыласы чилилік Луис Норамбуэна (3-1-1, 2 КО).
Олар айқас алдындағы дәстүрлі салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Оның қорытындысы бойынша Елеусіновтың салмағы 150,2 фунт, ал Норамбуэн одан жеңілдеу -149,4 фунт болды.
Жекпе-жек жексенбі, 26 мамыр күні таңертең болады. Бұл кездесу жайлы қазақстандық жанкүйерлер тікелей трансляцияны «Хабар» телеарнасы арқылы көре алады. Ол астаналық уақытпен 06:05-те басталады.