«Маған ағылшын тілін үйрену керек, мен оны білемін. Алайда соны оқуға рингте болып жатқан оқиғалар мүмкіндік берер емес. Мен бапкерім арқылы кейбір сөздерді түсінемін, алайда ағылшын тілінде емін-еркін сөйлесу үшін маған арнайы оқытушы қажет. Түптеп келгенде мен ағылшын тілінде жекелеген сөздерді ғана айтып қоймай, сауатты сөйлей білуім керек»,-деді Елеусінов Boxing Monthly басылымына берген сұхбатында.
Осыған дейін Данияр IFL TV журналына келесі жылы ағылшын тілінде аудармашысыз сұхбат беруге уәде етті.
Елеусінов рингке 4 тамыз күні қайта оралады. Ол Кардиффе қаласында (Уэльс) кездесу өткізбек. Елеусіновтың қарсыласының есімі кешірек белгілі болады.