Данияр Елеусінов түркиялық БАҚ-қа берген сұхбатында титул үшін қашан жекпе-жекке түсетінін мәлім етті.
«Мен асықпаймын. Ломаның тез көтеретінін түсінемін. Өз мансабымды барынша қолайлы етіп жоспарлағым келеді. Жартылай орта салмақ айтарлықтай қиын. Мұнда Дэнни Гарсия, Кит Турман, Теренс Кроуфорд бар. Мен өз командама сенемін. Біз асықпай біртіндеп әрекет етеміз», - деді боксшы.