«Данияр 27 шілде күні Далласта рингке оралуы мүмкін. Сондай-ақ Қазақстанда да оның шоуын өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл үлкен шара болары сөзсіз. Оны жақсы көретіндер көп болғандықтан, аншлаг болатынына да сенімдіміз. Бұл қандай да бір өңірлік белбеу үшін айқас болуы мүмкін. Сондай-ақ Техаста өңірлік титул үшін жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Әлиев.
Данияр Елеусінов кәсіби рингте осы уақытқа дейінгі жеті жекпе-жегін де жеңіспен аяқтады, оның үшеуін - нокаутпен. 2016 жылғы Олимпиада чемпионы былтырғы сәуір айында кәсіби рингке алғаш шыққан еді.