Бұл туралы қазақстандық боксшы өзінің Instagram парақшасында жариялады.
«25 мамыр, Мэриленд(АҚШ)»,-деп жазды Елеусінов.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елеусінов 8 маусымда Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтетін Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) - Стив Роллс (19-0, 10 КО) бокс кешінің андеркардында рингке шығатыны белгілі болған еді.
Боксшының менеджері Зия Алиев Sports.kz-ке берген сұхбатында, Елеусіновтың 8 маусымдағы Головкин-Роллс андеркардындағы жекпе-жегі белгісіз себептерге байланысты болмайтын жеткізді.