«Үздік жекпе-жегім ретінде соңғы айқасты (Джулиус Индонгоға қарсы – ред.) есептеймін. Ол титулдық 4 жекпе-жекке қатысқан әлемнің екі дүркін экс-чемпионы. Жасына қарамастан өте тәжірибелі және қауіпті боксшы», - деді Елеусінов Qazsport телеарнасына берген сұхбатында.
Еске сала кетсек, Данияр Елеусінов 2020 жылдың қарашасында әлемнің экс-чемпионы, намибиялық Джулиус Индонгоны (23-3, 12 КО) нокаутқа жіберіп, IBF Inter-Continental вакантты белбеуін жеңіп алды.