«Тура бір айдан соң ескі жылмен қоштасып, жаңа жылға қадам басамыз. Биылғы жыл еліміз үшін, әсіресе ел спорты үшін үлкен, ірі жеңістерге толы болды. Жақында өткен бокстан әлем чемпионатында қазақ боксшылары тамаша табысқа жетіп, елімізді қуантты. Қазіргі күнде ел спортшыларын бүкіл әлем таниды, құрметтейді. Мұның бәрі ел спортына өзінің ерекше көңілін бөліп, қолдау көрсетіп жүрген Президентіміздің арқасы. Олай болса, келе жатқан 2014 жыл үлкен табыстар мен жеңістер әкелсін. Жаңа жылда барша қазақстандықтардың отбасыларына шаттық пен береке тілеймін!» - деді Д. Елеусінов.
Шыршаға жиналған Астана тұрғындары мен қонақтарының назарына «Уақыт билеушілері» атты мерекелік бағдарлама ұсынылды. Сахна ертегідегі орасан зор сағат сияқты безендіріліп, оның ортасына үлкен шырша тігілді. Шыршаның шамдары жанған кезде, үлкен сағат та іске қосылды.
Мереке одан әрі отшашумен және би флеш-мобымен жалғасын тапты. Маржан Арапбаева, Медет Шайкелов және Рүстем Жүгінісов сынды әншілер «Спорт, спорт, спорт!» әнін шырқап, көрермендердің көңілін көтерді. Сондай-ақ, брейк-данстан жеңімпаз команда, «Шашу» ансамблі, «Айналайын» балалар хоры ән айтып, би билеп, шараны нағыз мерекеге ұластырды.
19:35, 01 Желтоқсан 2013
Данияр Елеусінов Қазақстанның бас шыршасының шамдарын жақты
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бокстан әлем және Қазақстан чемпионы Данияр Елеусінов Ақорда алаңындағы еліміздің бас шыршасының шамдарын жақты.