Данияр Елеусінов MJA Entertainment's келісімшартынан бас тартты

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Риодағы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Sports.kz-ке кәсіпқой боксқа неліктен өтпегені туралы айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Шынымды айтсам, мен қазір MJA Entertainment's промоутерлік компаниясы және Майк Альтамурмен келісімшартты тоқтаттым, себебі ол келісімшарт бойынша орындауға міндетті дүниелерді - уәде еткен дүниелерді істей алмады. Біз енді онымен жұмыс істемейміз. Басқа нұсқаларды қарастырып көрген жоқпын. Жақын арада мансабымды ары қарай қалай дамытатыным туралы шешім қабылдаймын. Құрамаға қайта оралатын шығармын», - деп мәлімдеді Данияр Елеусінов.

Сондай-ақ боксшы Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатындағы өзбектердің айқын басымдығына қатысты өз пікірін де білдірді.

«Соңғы жылдары Өзбекстандағы бокстың деңгейі әжептәуір көтерілді. Жігіттері мықты, командасы да жақсы. Аталған үрдіс 2011-2012 жылдары Украинаның құрамасында да болды. Қазір өзбектер де сондай команданы жасақтап алды. Алайда Украинада мықты боксшылар кетіп қалғаннан кейін олардың орнын басатын спортшылар табылмады. Ал Өзбекстанда бәсекелестік мықты. Осының арқасында мықты команда жиналып отыр. Бізде де бәсекелестік бар. Мықты жігіттерді кез келген уақытта табуға болады», - деп атап көрсетті чемпион.

Соңғы жаңалықтар