Данияр Елеусінов неліктен оң қолымен соққы бере алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің кәсіби бокстағы ісімен айналысатын америкалық менеджерлік компанияның басшысы Зия Алиев Sports.kz-ке қазақстандықтың соңғы айқаста оң қолын көп қолданбағаны туралы құпиясын ашты.

«Данияр Бостондағы шоудан кейін қолын ауыртып алған. Біз кейін оның жеңіл жарақат алғанын түсіндік. Сондықтан боксшы спаррингтерді кеш бастады - біз тәуекелге барған жоқпыз. Бапкерімен бәрін талқыладық. Монакодағы айқас кезінде Данияр оң қолының ауырып тұрғанын сезіп, сол қолына басымдық берген.

Біз, Данияр Елеусіновтің менеджменті, Эдди Хирнмен боксшымен он раундтық жекпе-жек өткізу мүмкіндігін талқыладық. Сондықтан, келесі жылдан бастап Данияр 10 раундтық айқастар өткізуді бастайды», - деп бөлісті менеджер.