Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының хабарлауынша, Данияр Елеусінов 27 қарашада IBF Intercontinental титулы үшін бұрынғы әлем чемпионы Джулиусо Индонгоға (23-2, 12 КО) қарсы жекпе-жекке шықпақ.
Айта кетейік, Елеусінов-Индиго жекпе-жегі сәуір айында ұйымдастырылуы тиіс еді. Алайда, пандемияға байланысты кейінге шегерілді. Данияр соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында өткізді. Ол америкалық Алан Санчесті (20-5-1, 10 КО) бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.