Салмақ өлшеу рәсімінде отандасымыздың таразыдағы таза салмағы 150,6 фунтты (68,31кг) көрсетті.
«Ертеңгі жекпе-жекке дайынмын» -, деп жазды Елеусінов өзінің Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Данияр Елеусіновтің қарсыласы - америкалық Ноа Кидд. Олардың жекпе-жегі Дэниел Джейкобс пен Мацей Сулецки арасындағы айқастың андеркартында өтеді.
Бокс кеші Barclays аренасында болады.