«Мен Мэриленд өзімді бақытты сезінудемін. Шоу керемет болады деп болжануда. Бұл менің жетінші жекпе-жегім және оған қазақстандықтар да қатысып, жанкүйер болмақ. Бәрі жақсы болады дегенге сенемін», - деді Елеусінов.
Еске салсақ, жекпе-жек Мэриленд штатының Оксон-Хилл қаласына өтеді. Елорда уақыты бойынша айқас уақыты 26 мамырдың таңертеңгі уақытына сәйкес келеді және жекпе-жек тікелей эфирден көрсетіледі.
Айта кетсек, Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) Головкин-Роллс жекпе-жегінің андеркартында шығуы керек еді. Алайда кейін боксшының менеджері Зия Әлиев Елеусіновтің 8 маусымдағы Головкин-Роллс андеркардындағы жекпе-жегі белгісіз себептерге байланысты болмайтынын жеткізген.