«Данияр Елеусінов 4 тамыз күні Кардиффте Габор Горбичпен жұдырықтасады!», - деп жазды Твиттерде Matchroom Boxing.
Еске салайық, 30 жастағы венгр боксшысы Габор Горбич (24-11, 14 КО) Елеусіновпен Лондонда 6 шілде күні кездесуі тиіс болатын. Алайда Горбичтің қабағының жарылуына байланысты жекпе-жек өтпеді. Бірақ ол жарақатынан айыққаннан кейін қазақстандық қарсыласымен кездесуге уәде еткен еді.
6 шілде күні Лондондағы York Hall кешенінде Данияр Венгрияның өзге боксшысы Золтан Шабомен (24-12, 10 КО) кездескен еді. Айқас төрешілердің бірауызды шешімімен отандасымыздың сенімді жеңісімен аяқталды.