BoxRec.com таратқан ақпаратқа сүйенсек, Данияр 29 жастағы мексикалық Карлос Хименеспен (14-9-1, 8 КО) жұдырық түйістіреді. Кездесу сегіз раундқа жоспарланған.
Еске сала кетейік, Олимпиада чемпионы кәсіби рингтегі алтыншы айқасын 15 наурызда Филадельфияның (АҚШ, Пенсильвания штаты) Liacouras Center аренасында өткізетінін хабарлаған едік.
Осы уақытта бокс кешінің хедлайнерлері ретінде IBF тұжырымы бойынша екінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Тевин Фармер (28-4-1, 6 КО) мен Джоно Кэрролл (16-0-1, 3 КО) тіркелген. Сондай-ақ әйелдер арасында жеңіл салмақтағы қос әлем чемпионы - WBA және IBF белдіктерінің иесі Кэти Тэйлор (12-0, 5 КО) мен WBO чемпионы Роуз Воланте (14-0, 8 КО) жекпе-жегі жоспарланған.