Данияр Елеусіновтің менеджері оның болашағынан зор үміт күтетінін айтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (1-0, 1 КО) менеджері Зия Алиев өзінің серіктесінің болашағынан зор үміт күтеді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Даниярдың әлеуеті зор. Ол жартылай орта салмақтағы ең қауіпті әрі абсолютті чемпиондардың бірі болады. Бұл анық. Біздің жоспарымыз бойынша, ол екінші немесе үшінші жылы белдіктердің бірін жеңіп алады. Даниярдың әлемдегі үздіктердің қатарынан табылуға мүмкіндігі зор. Ол тіпті болашақта аты аңызға айналған адам болуы да мүмкін. Ол - жатқан қазына»,-деді Алиев UCNLive.com. сайтына берген сұхбатында.

6 маусым күні Лондонда (Ұлыбритания) Елеусінов өзінің кәсіби рингтегі екінші кездесуін өтізеді. Оның қарсыласы венгриялық Золтан Шабо (24-11, 10 КО).