«WBA өтіп бара жатқан жылда боксқа қосқан үлесі үшін Matchroom Boxing британдық компаниясын «жыл промоутері» деп атады. Эдди Хирн басқаратын компания биыл үлкен жекпе-жектер ұйымдастырып, спорт игілігі үшін өз-өзін кеңейтті», - деп жазылған Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) Тwitter-дегі ресми парақшасында.
Еске салайық, Matchroom Boxing қазақстандық кәсіпқой боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновпен жұмыс істейді. Елеусінов соңғы айқасын биылғы 24 қарашада Монаконың Монте-Карло қаласында өткізді. Ол қарсыласы - никарагуалық Маркос Мохикуды үшінші раундты нокаутқа жіберді.