«Жоспар Елеусіновтің 2019 жылы титулдық және он раундтық жекпе-жектерге алмасуын көздейді. Ол ақпан немесе наурыз айында, соңғы сегіз раундтық немесе алғашқы он раундтық кездесуін өткізеді. Айқастың егжей-тегжейі әлі пысықталады, мәселен, өтетін күні мен жерін анықтау қажет. Әлиевтің айтуынша, олардың бірі Нью-Йоркте, екіншісі Лондонда өтеді. Көктемгі жекпе-жектен соң Елеусінов жазда өңірлік титулдар үшін айқастар өткізу жоспарлауда. Бұл туралы қаңтарда немесе ақпанда жарияланады. Әрине, он раундық жекпе-жек болады және Әлиев ол туралы Астанада жаңа жылда мәлімдейтін шығар. Елеусінов өңірлік титулды алған соң, әлем чемпионы белдіктеріне дейін бірнеше рет жекпе-жектер өткізуі тиіс болар. Бірақ ол Даниярдың 2019 жылғы әрекеттеріне қарай 2020 жылға дейін созылуы мүмкін», - деп жазады басылым.
13:24, 01 Желтоқсан 2018
Данияр Елеусіновтің жоспарлары белгілі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Asianboxing.info сайты Данияр Елеусіновтің (5-0, 3 КО) менеджері Зия Әлиевке сілтеме жасап, қазақстандық боксшының жуық арадағы жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.