Данияр Қайсанов Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты
09:56, 05 Тамыз 2021
ТОКИО. ҚазАқпарат - Еркін күрестен Данияр Қайсанов Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол 1/8 финалда жапониялық Отогуро Кейсукемен кездесті. Тартысты белдесу қазақстандық балуан Данияр Қайсановтың жеңісімен аяқталды.
Олимпиада ойындарының ширек финалында Данияр Қайсанов мысырлық Амр Реда Хуссенмен кездеседі.
Фото: Сәли Сабыров, Қазақстан ҰОК