Данияр Орынбасаров Атырау облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы болды
АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының лауазымына Данияр Орынбасаров тағайындалды.
Ол 1987 жылы Атырау облысында дүниеге келген. С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетін мұнай-газ ісі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін құқықтану мамандығымен бітірген. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2008 жылы «Нұрлы Жол» ЖШС-ның инженері болып бастаған.
2009-2011 жылдары «Bateman Kazakhstan Oil&gas Company B. V» компаниясы Атырау филиалының супервайзері, 2012-2017 жылдары аралығында Атырау облысы бойынша кедендік бақылау департаментінде, мемлекеттік кірістер комитетінде түрлі лауазымында жұмыс істеді.
2017-2022 жылдары аралығында Ұлттық экономика министрлігіінң инвестициялық саясат департаментінде бас сарапшы, инвестициялық саясат, кейіннен мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту басқармасының басшысы болған.
Ал 2022-2023 жылдары Премьер-Министр Кеңсесінің индустриялдық-инновациялық даму бөлімінің бас консультанты, 2023-2023 жылдары Премьер-Министр аппаратының нақты секторды және өңірлерді дамыту бөлімінің бас консультанты, 2023 жылдан осы тағайындауға дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарған.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облыстық жұмыспен қамту басқармасының басшысы тағайындалған хабарлаған едік.